Сауалнама нәтижелері

"Алматы технологиялық университеті" АҚ-да 2024-2025 оқу жылында жүргізілген сауалнама нәтижелері туралы

Білім алушылардың сауалнамасы білім беру қызметтерінің күшті және әлсіз жақтары туралы ақпарат алу және оларды жетілдіру жөніндегі жоспарларды әзірлеу, сондай-ақ ПОҚ мен "АТУ"АҚ қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі мен академиялық адалдығын бағалау үшін жүргізіледі.

Сауалнама нәтижелері ректорат отырыстарында қаралады, қажет болған жағдайда тәртіп, әдеп, Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның, академиялық сапа жөніндегі Кеңестің отырыстарында қаралады.

Мақсатқа жету және қойылған міндетті іске асыру үшін 2024-2025 оқу жылында екі тілде онлайн-офлайн форматта бірнеше сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері жалпыланған.

2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында студенттік асханалардың жағдайын бағалау бойынша сауалнама жүргізілді. Зерттеуге 1320 студент қатысты, оның 646 — сы қазақ тілінде, 674-і орыс тілінде жауап берді. Нәтиже

2024 жылғы 04 қарашадан 2024 жылғы 14 қарашаға дейін студенттердің жатақханада тұру жағдайларына қанағаттануына әсер ететін әлеуметтік және психологиялық факторлардың жиынтығын анықтау үшін қазақ және орыс тілдерінде сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 943 студент қатысты, олардың 627 — сі қазақ тілінде, ал 316-сы орыс тілінде сауалнама толтырды. Нәтиже

2025 жылғы 23 сәуір мен 23 мамыр аралығында "Таза сессия" акциясы аясында платформада 1-5 курс білім алушылары арасында анонимді сауалнама жүргізілді: anketa.atu.kz. "АТУ"АҚ-да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы білім алушылардың пікірін зерделеу мақсатында. 

2025 жылғы 05 мамырдан 23 мамырға дейін "Таза сессия" акциясы аясында студенттердің академиялық адалдық туралы хабардар болу деңгейін, олардың емтихан сессиясы кезеңіндегі бұзушылықтарға қатынасын анықтау, сондай-ақ студенттердің емтихандарды адал тапсыру қағидаттарын сақтауға қатысу дәрежесін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Зерттеуге 3000 студент қатысты, олардың 2400 — і қазақ тілінде, 600-і орыс тілінде оқиды. Нәтиже

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз